---
Қарттары бар ел - қазыналы ел!
Қарттары бар ел - қазыналы ел. Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, аман-сау күн кешкей. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Бала атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны