"Қарттары бар ел - қазыналы ел" » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72638) 3-27-00
Бухгалтерия
+7(72638) 3-27-00
Версия для
слабовидящих
27
октябрь
2023

"Қарттары бар ел - қазыналы ел"

Қарттары бар ел - қазыналы ел.
Ендеше, көпті көрген асыл қарттарымыз бақытты күн кешіп, қай кезде де халқына - сүйеу, жұртына қамқор боп, жүздерінен қуаныш пен күлкі кетпей, аман-сау күн кешкей. «Көп қарттың ортасында жүрген дана болар» дейді. Бала атасының қасында жүріп ескінің әңгімесін тыңдап, қамшы өрсе, бір бауын ұстап отырса, бойына қаншама рухани әрі дағдылық қасиеттерді сіңіреді. Сол сияқты әжесінің айтқан ертегі-әңгімелері арқылы жақсы мен жаманды, өтірік пен шындықты, ақ пен қараны ажыратуды үйренеді. Баламен отырып әңгілескеннің өзі тәрбиедегі ең маңызды құрал болып табылады: баланың айналасындағыларға деген сенімін оятады, тілін дамытады, тілі арқылы ой-өрісін, интеллектісін арттырады. Главнаясы баланың қоршаған ортаға үйренісіп, жақсы қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастырады. Ата мен әженің «мектебінен» шыққан балалар өмірде рухани жағынан мықты болып келеді: жүрегі жұмсақ, қоршаған ортаға қамқор, мейірбан кісілер болып ержетеді.
Ал біз қолымыздағы алтынымыздың, еш байлыққа тең келмейтін асылдарымыздың қадірін біліп, олардың барына шүкіршілік етейік. "Атасыз дом- батасыз» дейді қазақ.
Қосахов Ахметжан
Мәкен Уақ
Желдібаев Әбдімомын
Петр Норкин
Байжұманов Қазақбай
Базарбай Асқарұлы аталарымыздың үйіне оқушылар жетекшілерімен бірге барып қарттар күні мерекесімен құттықтап келді.
#Біртұтас_тәрбие