«Балықтың түрлері, оның адам ағзасына маңызы» » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балықтың түрлері, оның адам ағзасына маңызы»
29
март
2019

«Балықтың түрлері, оның адам ағзасына маңызы»

«Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» К.М.М

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Балықтың түрлері, оның адам ағзасына маңызы»

 

 

 

 

 

         Орындаған: Н.Гусейнова

 

 

 

 

Төле би ауылы

      

    Балықтар (лат. Pisces) — негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен – көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.

Балықтар — хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Балықтар үш топқа бөлінеді: жақсыз (миксина сияқты), шеміршекті (акулалар және тұтасқанаттар) және ең үлкен топты құрайтын сүйекті балықтар. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда 180-дей түрі мен түр тармақтары кездеседі. Балықтар девон кезеңінен белгілі. Қазіргі көптеген түрлері 500 мың жылдан бері өзгерместен тіршілік етіп келеді. Балықтардың мекен ету аумағы биік тау суқоймаларынан мұхиттың терең су түбіне дейінгі ауқымды қамтиды. Олар –2°С-тан (арктикалық суда) 50°С (ыстық бұлақтарда) температура аралығында тіршілік ете алады. Тұздылығы 70‰ суға төзетін балықтар да бар. Балықтар дене тұрқы, түсі, құрылысы, физиологиясы жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Олардың дене тұрқы 1 см-ден 20 м-ге дейін болады, ал салмағы 1,5 граммнан 12 – 14 тоннаға дейін жетеді. Олардың пішіндері де әр түрлі: ұршықжебе тәрізді, екі бүйірінен немесе арқасынан бауырына қарай қысыңқы, жылантаспа, шар тәрізді, дөңгелек, т.б. болады. Балықтың денесі үш бөліктен (бас, кеуде, құйрық) тұрады. Олардың жұп танау тесігі мен көзі, жұп (кеуде, құрсақ) және дара (арқа, құйрық, құйрық асты) қанаттары болады. Кейбір балықтардың қанаттары жетілмеген, ал кейбір түрлерінде өте жақсы жетілген (мысалы, албырттардың май қанаты).

     Денесін қабыршақ жапқан, бірақ қабыршақсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар. Желбезекпен тыныс алады, ауамен тыныс алуға бейім органы бар балықтар да кездеседі. Балықтар жыныстық қабілеті жетілгенше тез өседі, олардың өсуі көбіне жыл маусымына, тіршілік жағдайына байланысты. 1 – 2 жыл (кейбір бұзаубас балықтар), тіпті 100 жылға дейін тіршілік ететін балықтар да бар. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Көптеген балықтардың иіс сезу, сезім, есту, көру (өте терең және жер асты суларында тіршілік ететіндерінде болмайды) мүшелері жақсы жетілген. Олардың бүйір сызығы судың қозғалысын қабылдайды. Сүйекті балықтардың көпшілігінде денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Ал кейбір балықтарда торсылдақ – тыныс алу органы. Балықтар торсылдақ арқылы өзі шығаратын дыбысты күшейтеді. Қорегінің түріне қарай балықтар: фитофагпланктофагбентофагдетритофагжыртқыштар болып бөлінеді. Балықтардың әдетте дара жынысты, қос жынысты түрлері де бар. Балықтардың көпшілігі сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Сондай-ақ іштей ұрықтанып, тірі шабақ немесе ұрықтанған уылдырық туатын түрлері де болады (мысалы, акулаларгамбузия, т.б.). Тіршілігінде олар бірнеше рет уылдырық шашады, бір рет қана уылдырық шашатындары да бар (мысалы, қиыршығыс албыртыкета, т.б.). Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да кездеседі. Балықтар жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған километрге дейін өрістейді. Балықтар – адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен оның шарықтау биігі XX ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты кейбір кәсіптік маңызы зор балықтардың санын азайтпау үшін, олардың табиғи көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері көмегімен қамқорлық жасалады. Саны өте азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балықтардың түрлері мен түр тармақтары халықаралық және Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген (мысалы, ақ балықАрал албыртыАрал бекіресіКаспий албыртыкөкбас, т.б.). Ғылыми мақсат үшін кейбір балықтарды лабораторияда өсіреді. Балықтарды аквариумда өсіру кең өріс алуда. Балықтар туралы ғылым ихтиология деп аталады.[1]

    Балық адам ағзасына қаншалықты пайдалы ?   Сіз балықпен жиі тағамданасыз ба ? Егер бұл сұраққа «жок» деп жауап берсеңіз, жақын арада оны рационыңызға қосқан жөн, себебі балықтың адам ағзасы үшін пайдасы зор.<   Балық кальций,фосфор,йод және магний тәрізді организмге қажетті элементтерге өте бай. Сонымен қатар, ол жүрек-қантамыр ауруларының, қатерлі ісіктердің  алдын алады.Балықтың өзге де пайдалы жақтарын айтып кететін болсақ:< Есте сақтау қабілеті дамып,ақыл-ой дамиды;< Қандағы холестерин мөлшерін азайтады;< Асқорту жүйесін жақсартады;< Бойды өсіруге ықпал етеді;< Көз көруін жақсартады;< Өмір ұзақтығын арттырады;< Зат алмасу процесін нормализдейді;< Терінің,шаштың,тырнақтардың,сүйектердің және тістердің жағдайын жақсартады.<    Алайда,әрбір тағамды таңдап алған да жөн.Балық дүкенінде сатушылардың қулығына түспес үшін сапалы балықты сапасыз балықтан айыра білу қажет.Мамандардың айтуы бойынша,ең оңай әдіс - балықты суға толы шелекке салу.Егер балық судың бетінде қалқып жатса, онда балық сапасыз, ал шелектің түбіне батса, балық сапалы болып табылады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәлімет

      Мектептің әлеуметтік педагогы А.Б.Инкарбаева «Балықтың түрлері, оның адам ағзасына маңызы» туралы баяндады 7  сынып оқушылар арасында.   Балық кальций,фосфор,йод және магний тәрізді организмге қажетті элементтерге өте бай. Сонымен қатар, ол жүрек-қантамыр ауруларының, қатерлі ісіктердің  алдын алады.Балықтың өзге де пайдалы жақтарын айтып кететін болсақ:< Есте сақтау қабілеті дамып,ақыл-ой дамиды;< Қандағы холестерин мөлшерін азайтады;< Асқорту жүйесін жақсартады;< Бойды өсіруге ықпал етеді;< Көз көруін жақсартады;< Өмір ұзақтығын арттырады;< Зат алмасу процесін нормализдейді;< Терінің,шаштың,тырнақтардың,сүйектердің және тістердің жағдайын жақсартады.<    Алайда,әрбір тағамды таңдап алған да жөн.Балық дүкенінде сатушылардың қулығына түспес үшін сапалы балықты сапасыз балықтан айыра білу қажет.Мамандардың айтуы бойынша,ең оңай әдіс - балықты суға толы шелекке салу.Егер балық судың бетінде қалқып жатса, онда балық сапасыз, ал шелектің түбіне батса, балық сапалы болып табылады.   Осы тақырыпта кеңінен сынып оқушыларына түсіндіріп өткізді.

 

 

 

 

Әлеуметтік педагог:                       А.Б.Инкарбаева