Кездесу » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
ноябрь
2023

Кездесу

Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында 9 қараша күні қыздармен жиналыс өткізілді. Мақсаты : Жеке бас гигиенасы және репрадуктивті денсаулық жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
1.Мектеп мейірбикесі Бейсенқұл Балнұр қыздарға зиянды микробтар мен паразиттарды жұқтырып алмас үшін, жеке гигиена ережелерін сақтау керектігін атап өтті. Бұл талаптарды бұзу – адамның денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Жеке бас тазалығы дегеніміз –денеге күтім жасап, оның тазалығын сақтау.
2. Аналар алқасының төрайымы Иманова Айжан Болатқызы «Қыз − өмірдің гүлі, барлық адамзаттың қадірлеп, аялайтын асыл аруы десек те артық емес. Қыз баланы қазақта кішкентайынан мәпелеп, аялап, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай өсірген. Жалғандағы нәзіктік пен пәктікті, инабаттылықты әрбір қазақ қызының бойына сіңіріп өсірген.Белгілі ақын Ақұштап Бақтыгереева "Өмірде қыз болу бар да, нағыз қазақ қызы болу мүлдем бөлек" деген пікір айтқан. Сол тәрізді ата-дәстүр, салт-сананы берік ұстанып өскен қазақ қызы қай ортада болсын, өзінің ерекше болмысымен көзге түсетіні анық»  деп атап өтті.
3. Жастар ресурстық орталығының маманы Ермекбаева Гүлнұр Рымбекқызы баяндамасын Адамдардың репродуктивті денсаулығы бүкіл әлемде нашарлап келеді, Қазақстан да қалыс емес. Бұған себеп көп. Негізгі себеп-бала жастан қалыптасатын өмір салты. Қыз баланың кішкентай кездегі тәрбиесі олар қандай жағдайда өмір сүретіндігі, жасөспірімдер жасындағы тәрбиесі, содан кейінгі ересек өмірде қандай бағдар алды барлығы тал бесік тәрбиеден бастау алатыны сөзсіз.
   4. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тургумбаева Акмарал Данияркызы қыздарға мектептегі қыздың жүріс – тұрысы , тәртібі , сырт келбеті, көркем мінезділігі жөнінде ұстаздарды сыйлау туралы өз ойын жеткізді. Мектеп қабырғасында төменгі сынып қыздары жоғары сыныптың қыздарына қарап бой түзейді. Сол себепті, жан-жақты төменгі буынға ізгі дүниелерді көрсете білуіміз қажет. Қалыптасқан қағидаларды кейде есейген сайын орындағымыз келмей жатады. Мысалы, бантик тағу, биік өкше кимеу секілді дүниелерге көз жұма қараймыз. Есеюге асығамыз. Алайда, мектепте оқушыға лайықты жүрудің өзі кейін тәтті естелік болары сөзсіз. Қыз бала барлығына бірдей үлгеруі тиіс. Сабақ оқу, қоғамдық іс-шара, қосымша курстардың барлығына уақыт табуға болады деп өз ойын жеткізді.
5. Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия психологы Оспанова Эльмира және Шу аудандық аурухана психологы Хуан Людмила Иньуньевна жиналысқа қатысқан қыздармен сергіту сәтінде тренинг өткізді.



Похожие публикации:

27 сентябрь 2022 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ