Хаттама/ұсыным » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2024

Хаттама/ұсыным

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А №1
Қатысқаны: 5 22.01.2024 жыл
Шу қаласы
Күн тәртібіндегі мәселе:
І. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі педагог-ассистент (тұрақты) 1 бірлік, әдіскер (тұрақты) 1 бірлік, дефектолог (тұрақты) 1 бірлік және ағылшын тілі мұғалімі (уақытша) лауазымдары бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz және мектеп сайтына конкурс жарияланды.
ІІ. 2024 жылдың 09.01-17.01 аралығында бос лауазымдарға жарияланған хабарлама бойынша комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.
ІІІ. Педагог-ассистент (тұрақты) лауазымына Табаева Женис Абилдаевна мен Алтынбек Калима Мұратқызының өтініш білдірген.
IV. Әдіскер (тұрақты) лауазымына Болаткуллова Гулдария Сейтовна өтініш білдірді.
V. Дефектолог (тұрақты) 1 бірлік және ағылшын тілі мұғалімі (уақытша) лауазымдары бойынша өтініш білдірген үміткерлер болмады.
VI. «Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қаңтар айында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясы құрылды. Комиссияя мүшелері болып, төмендегі пән мұғалімдері тағайындалды:
1.Толеуова А.И.- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Ноғайбекова Ә.С.- комиссия мүшесі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
3. Қалматаева М.М.- комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.Татибеков Д.- комиссия мүшесі, “М.Әуезов ат.ОМ” КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
5. Дүйсембаева А.А.- комиссия мүшесі, математика пәнінің мұғалімі;
6. Әметқызы С.- білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
7. ТөлеуА.И.- бастауыш кәсіподақ төрайымы;
8. Тургумбаева А.Д.- хатшы

1.Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы (өзгерістерімен) негізінде әдіскер (тұрақты) лауазымы бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz, мектеп сайты желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Барлық үміткерлер педагог статусына тестілеуден өткен анықтамаларын немесе санаттары туралы куәліктерін және №57 бұйрығының өзгерістеріндегі (ҚР Премеьер-Министрінің орынбасарының 2023ж. 16 тамызындағы № 343 бұйрығы мен ҚР Оқу-ағарту министрі 2023 ж. 15 тамызындағы бірлеске бұйрығы) 154 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынған:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы болды.
Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурстық комиссия өткізілді. Конкурстық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 16 қосымшадағы тиімділік көрсеткіштерін атап өтті.
Үміткерлердің тиімділік көрсеткіштерінде белгілеген ақпараттары жайлы директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы А.Тургумбаеваға сөз кезегін берді. Ол өз сөзінде педагог-ассистент лауазымына үміткерлер Табаева Женис Абилдаевна мен Алтынбек Калима Мұратқызының білім беру саласындағы еңбегі жөнінде ақпарат берді.
І.1.Табаева Женис Абилдаевна - жоғары білімді, “педагог-сарапшы” біліктілік санатында. Педагогикалық еңбек өтілі-18 жыл.
Комиссия мүшелері әдістемелік, педагогикалық, психологикалық тұрғыдан, сонымен қатар лауазымына байланысты жетістіктерін және шәкірттерінің жетістіктерін, біліктілігін арттыру курстары бойынша ұсынған құжаттарын жетік қарап шықты. Тиімділік көрсеткіш бағалауы бойынша 11,5 ұпай жинады.
І.2.Алтынбек Калима Мұратқызы- білімі жоғары, еңбек өтілі жоқ. Біліктілігін арттыру курстарынан өтпеген, байқаулар мен конкурстарға қатыспаған. Тиімділік көрсеткіш бағалауы бойынша 10 ұпай жинады.
ІІ.1. Әдіскер (тұрақты) лауазымына Болаткуллова Гулдария Сейтовна жоғары білімді, «педагог-модератор» санатында, педагогикалық еңбек өтілі- 8 жыл. Тиімділік көрсеткіштерін бағалауы бойынша 7 ұпай жинады.
ІІІ.1. Дефектолог (тұрақты) 1 бірлік және ағылшын тілі мұғалімі (уақытша) лауазымдары бойынша өтініш білдірген үміткерлер болмады.


Шешімі:
1. Комиссия мүшелері педагог-ассистент (тұрақты) 1 бірлік лауазымына жарияланған бос орынға өтініш білдірген 2 үміткердің бағалау парағы бойынша көрсеткіштерін есептей келе, жоғары ұпай жинаған Табаева Женис Абилдаевна осы лауазымдық міндетке лайық деп анықталып, мекеме басшысына тағайындауға ұсынды.
2. Әдіскер (тұрақты) 1 бірлік лауазымына жарияланған бос орынға өтініш білдірген 1 үміткер болғандықтан Болаткуллова Гулдария Сейтовна бағалау парағы бойынша жинаған 7 ұпайымен осы лауазымдық міндетке лайық деп анықталып, мекеме басшысына тағайындауға ұсынды.
3. Дефектолог (тұрақты) 1 бірлік лауазымының ерекшелігіне қарай қайтара конкурс жариялауды ұсынды.
4. Білім беру стандартын тоқтатпай орындау мақсатында ағылшын тілі мұғалімі (уақытша) лауазымына 0,5 бірлігіне қоса атқарушы шақырылып, қалған оқу сағаттары мектеп мұғалімдері арасында бөлініп берілуі туралы басшыға ұсынды.

1.Толеуова А.И.- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Ноғайбекова Ә.С.- комиссия мүшесі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
4. Қалматаева М.М.- комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.Татибеков Д.- комиссия мүшесі, “М.Әуезов ат.ОМ” КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
5. Әметқызы С.- білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
6. Тургумбаева А.Д.- хатшы

Похожие публикации:

08 февраль 2024 Хаттама/ұсыным
02 февраль 2024 Хаттама/ұсыным
22 январь 2024 Хаттама/ұсыным
22 январь 2024 Хаттама/ұсыным
28 декабрь 2023 Хаттама/ұсыным