Конкурс жарияланады » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
январь
2024

Конкурс жарияланады

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған «Психолог» лауазымдық орнына конкурс жариялайды.
Бос жұмыс орын саны: 1 тұрақты.
Жүктемесі: 1 бірлік. Лауазымдық міндеттері: Білім алушылардың психикалық және әлеуметтік
амандығын сақтауға бағытталған кәсіптік қызметін жүзеге асырады. Әр түрлі
бейінді және бағыттарда психология-педагогикалық диагностика өткізеді. Білім
алушылардың жеке тұлғасы мен әлеуметтік мәселелерін шешуге педагогикалық
ұжымын бағдарлау мақсатында психология-педагогикалық қорытынды шығарады
және оны талдайды. Білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, білім беру қызметінің дамыту және түзету бағдарламаларын жоспарлауға
және әзірлеуге қатысады. Білім алушыларға психологиялық қолдау көрсетуді
жүзеге асырады, өмірлік және кәсіптік тағдырын өзі шешу де әртүрлі жағдайларда
бағдарлануға олардың дайын болуын дамытуға жәрдем етеді. Әлеуметтік
дизадаптацияның пайда болуын алдын алу іс-шараларын жүзеге асырады,
психологиялық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды
(психокоррекциялық, сауықтыру және консультациялық). Психологияны
практикалық қолдану мәселелері жөнінде педагогтарға кеңес береді,
педагогтардың, ата-аналардың әлеуметтік-психологиялық құзыретін арттыруға
жәрдем етеді. Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын
қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау
талаптарын орындайды. Есептілік құжаттамаларды белгіленген нысан бойынша
жүргізеді.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан
Республикасының "Білім туралы" , " Қазақстан Республикасындағы баланың
құқықтары туралы ", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңдарын,
педагогика және психология теориясын, жастық физиологиясын, гигиенасын,
белсенді оқытудың әдістерін, қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық
тренингісін, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын; педагогтік ғылымның дамуы мен жетістіктерінің негізгі бағыттарын; экономика, еңбек туралы заңнамалар
негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен
нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар: "Психология" мамандығы бойынша
жоғары білімі немесе бейін бойынша медициналық жоғары білімі. Айлық жалақысы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы «Мемлекеттік ұйымдар Педагогтарінің жалақысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» № 191 бұйрығына сәйкес есептеледі.
Қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
11) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Сонымен қатар, Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қабылдау бөліміне тел.:3- 18-27
@ebekmahanov@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс. 23.01.2024-31.01.2024ж. аралығы.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 02.02.2024 жылғы сағат 10:00 - де
Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы мекемесінің» қабылдау бөліміне тел.:3- 18-27

Похожие публикации: