Хаттама/ұсыным » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
февраль
2024

Хаттама/ұсыным

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А №1
Қатысқаны: 7 08.02.2024 жыл.
Шу қаласы
Күн тәртібіндегі мәселе:
І. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі дефектолог(тұрақты) лауазымдары бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz және мектеп сайтына конкурс жарияланды.
1. ІІ. Дефектолог (тұрақты) лауазымына Алтынбек Калима Мұратқызының өтініші негізінде комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.
ІІІ. «Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ ақпан айында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері болып, төмендегі пән мұғалімдері тағайындалды:

1. ТолеуоваА.И.- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Оспанова Э.Ш.- комиссия мүшесі, мектеп психологы;
3. Қалматаева М.М. - комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Пазылбекова А.К.- комиссия мүшесі, “М.Мақатаев ат.ОМ” КММ директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары;
5. Дүйсембаева А.А.- комиссия мүшесі, математика пәнінің мұғалімі;
6. Әметқызы С.- білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
7. Болаткулова Г.С.- «Инклюзивті қолдау кабинетінің» әдіскері;
8. Тургумбаева А.Д.- хатшы

1.Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы (өзгерістерімен) негізінде дефектолог (тұрақты) лауазымы бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz, мектеп сайты желісінде конкурс жарияланғанын айтты. Педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасымен қоса №57 бұйрығының өзгерістеріндегі (ҚР Премеьер-Министрінің орынбасарының 2023ж. 16 тамызындағы № 343
бұйрығы мен ҚР Оқу-ағарту министрі 2023 ж. 15 тамызындағы бірлескен бұйрығы) 154 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы болды.
Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурстық комиссия өткізілді. Конкурстық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 16 қосымшадағы тиімділік көрсеткіштерін атап өтті.
2. Екінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы А.Тургумбаеваға сөз кезегін берді. Ол өз сөзінде комиссия мүшелерімен таныстырды және дефектолог лауазымына үміткер Алтынбек Калима Мұратқызының білім беру саласындағы 2 ай педагогикалық өтілі бар екенін, жоғары білімді, бірінші мамандығы «Қазақ тілі мен әдебиет» мамандығы болса, екінші қайта даярлау курсын 720 сағаттық «Дефектолог» мамандығымен тәмәмдаған екенін айтып өтті. Үміткер «Педагог-тағлымдамашы» біліктілік санатында.

Шешімі:
1. Комиссия мүшелері дефектолог (тұрақты) уазымына жарияланған бос орынға 1 ғана үміткер өтініш білдіргендіктен және конкурстан 10,5 ұпай жинағандықтан, Алтынбек Калима Мұратқызы осы лауазымдық міндетке лайық деп бірауыздан дауыс беріп, мекеме басшысына лауазымға тағайындауға ұсынды.

1. ТолеуоваА.И.- комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Оспанова Э.Ш.- комиссия мүшесі, мектеп психологы;
3. Қалматаева М.М. - комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4. Пазылбекова А.К.- комиссия мүшесі, “М.Мақатаев ат.ОМ” КММ директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары;
5.Дүйсембаева А.А.- комиссия мүшесі, математика пәнінің мұғалімі;
6. Әметқызы С.- білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
7. Болаткулова Г.С.- «Инклюзивті қолдау кабинетінің» әдіскері;
8. Тургумбаева А.Д.- хатшы

Похожие публикации:

02 февраль 2024 Хаттама/ұсыным
22 январь 2024 Хаттама/ұсыным
22 январь 2024 Хаттама/ұсыным
28 декабрь 2023 Хаттама/ұсыным
12 декабрь 2023 Хаттама/ұсыным