Хаттама/ұсыным » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
декабрь
2023

Хаттама/ұсыным

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданының білім бөлімінің
«Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясының отырысы
Х А Т Т А М А №1
Қатысқаны: 5 12.12.2023 жыл
Шу қаласы
Күн тәртібіндегі мәселе:
І. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы негізінде мектептегі логопед (тұрақты) лауазымдары бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz және мектеп сайтына конкурс жарияланды.
ІІ. Психолог (тұрақты) лауазымына Болаткулова Гулдария Сейтовнаның өтініші негізінде комиссия мүшелерімен отырыс ұйымдастырылды.
ІІІ. «Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазан айында мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы мектептің конкурстық комиссиясы құрылды. Комиссияя мүшелері болып, төмендегі пән мұғалімдері тағайындалды:

1. ТолеуоваА.И. - комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Ноғайбекова Ә.С. - комиссия мүшесі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
3. Қалматаева М.М. - комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.Татибеков Д. - комиссия мүшесі, “М.Әуезов ат.ОМ” КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
5. Дүйсембаева А.А. - комиссия мүшесі, математика пәнінің мұғалімі;
6. Әметқызы С. - білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
7. ТөлеуА.И. - бастауыш кәсіподақ төрайымы;
8. Тургумбаева А.Д. - хатшы

1. Бірінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығы (өзгерістерімен) негізінде психолог (тұрақты) лауазымы бойынша қажеттілікке байланысты Facebook әлеуметтік желісінде, еңбек kz, мектеп сайты желісінде 27.11.23ж.-06.12.23ж. аралығында конкурс жарияланғанын айтты. Педагог статусына тестілеуден өткен анықтамасымен қоса №57 бұйрығының өзгерістеріндегі (ҚР Премеьер-Министрінің орынбасарының 2023ж. 16 тамызындағы № 343


бұйрығы мен ҚР Оқу-ағарту министрі 2023 ж. 15 тамызындағы бірлескен бұйрығы) 154 қосымшасына сәйкес төмендегі аталған құжаттарды ұсынды:
1) осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы болды.
Осы ұсынылған құжаттарды басшылыққа ала отырып конкурстық комиссия өткізілді. Конкурстық комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды сараптай отырып, 16 қосымшадағы бағалау парағында көрсетілген тиімділік көрсеткіштерін атап өтті.
2. Екінші мәселе бойынша директордың оқу-әдістемелі ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрайымы А.Толеуова сөйледі. Ол күн тәртібіндегі мәселемен таныстырып, хатшы А.Тургумбаеваға сөз кезегін берді. Ол өз сөзінде комиссия мүшелерімен таныстырды және логопед лауазымына үміткер Болаткулова Гулдария Сейтовнаның білім беру саласындағы еңбегі жөнінде ақпарат берді. Гулдария Сейтовна жоғары білімді, “ Педагог-модератор” біліктілік санатында. Педагогикалық еңбек өтілі-7 жыл.

Шешімі:
1. Комиссия мүшелері психолог (тұрақты) уазымына жарияланған бос орынға 1 ғана үміткер өтініш білдіргендіктен және конкурстан 8 ұпай жинағандықтан, Болаткулова Гулдария Сейтовна осы лауазымдық міндетке лайық деп бірауыздан дауыс беріп, мекеме басшысына тағайындауға ұсынды.

1. Толеуова А.И. - комиссия төрайымы, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
2. Ноғайбекова Ә.С. - комиссия мүшесі, директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары;
3.Қалматаева М.М. - комиссия мүшесі, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.Татибеков Д. - комиссия мүшесі, “М.Әуезов ат.ОМ” КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары;
5.Дүйсембаева А.А. - комиссия мүшесі, математика пәнінің мұғалімі;
6. Әметқызы С. - білім бөлімінің әдіскері, мектеп кураторы;
8. ТөлеуА.И. - бастауыш кәсіподақ төрайымы;
8. Тургумбаева А.Д. - хатшы


Похожие публикации:

16 ноябрь 2023 Хаттама/ұсыным
27 сентябрь 2022 КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ