Білім күні. "Мектебім, мейірім мекені" » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күні. "Мектебім, мейірім мекені"
01
сентябрь
2023

Білім күні. "Мектебім, мейірім мекені"

1 қыркүйек - білім күні. Бұл күн әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңіл шарықтаған, әр ата - ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн.
Бүгін мектеп-гимназиямызда “Мектебім - мейірім мекені” тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға Шу ауданы әкімі Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы, қамқоршылық кеңес төрағасы Бахитов Болатбек қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Мектеп-гимназия директоры Естаева Азиза Тоқсабайқызы Шу ауданы әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы №624 өкімімен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде жеткен жетістіктері мен кәсіби шеберліктері үшін және 1-қыркүйек білім күніне орай «Шу ауданына сіңірген еңбегі үшін» белгісімен марапатталды. Оқушыларымыз шарықтатып ән шырқап, мың бұралып билеп өнерлерін ортаға салды. Және мектеп табалдырығын аттаған кішкентай бүлдіршіндеріміз алғашқы қоңырау соқты. Салтанатты іс-шараның мақсаты: Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында оқушылар бойында білім алудың басымдығы мен маңыздылығын және оқуға деген жағымды көңіл-күй,оң көзқарас қалыптастыру.