Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Ермұхан Бекмаханов

Автор: admin от 19-11-2018, 21:01, посмотрело: 17

0
Мектеп-гимназиясының проблемасы:   "Білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, ұлттық үлгіден -әлемдік білім кеңістігіне шығу".
Мектеп-гимназиясының  мақсаты: «Мектеп-гимназия  оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту» 
Мектеп-гимназиясының негізгі  міндеттері:
1. Қазақстан Республикасының   Білім туралы заңын орындау. 
2. Білім стандарты бойынша шығарылған заңдары мен Қ.Р.  Білім  және ғылым  миниситрінің қаулыларын жүзеге асыру.
3.Оқушылардың  Қ.Р.  мемлекеттік  жалпыға бірдей білім беру  стандартына  сәйкес білім алуын қамтамасыз ету.
4. Мектеп жұмысын ұйымдастыруда жаңашыл  идеялар мен технологияларды  дамыту. 
5. Білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми оқу құралдарымен жабдықтауды іс жүзіне асыру, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
6.Мектепішілік мәдениетті көтеру, жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықты игеру үшін кісілік жауапкершілікті арттыру.
7. Оқу үрдісіндегі ақпараттық технологияларды  меңгере отырып,  талдап және оны интерпретациялау білігін жүзеге асыру.
8. Адамдармен өзара әрекет және қарым-қатынас тәсілдерін үйреніп,  түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын меңгерген жастарды коммуникативті құзырлыққа баулу.
9. Жеке тұлғаның даму  траекторияларын қолданып,  мүмкіндіктеріне сәйкес жоғары сапалы деңгейде  білім алуын қамтамасыз ету. 
10. Оқушының өмірлік қызметіндегі түрлі нысандарды ескеріп, тәрбие жұмысының жүйесін жетілдіру. 
11. Оқушының әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін жағдай жасау.
12. Оқушылардың физикалық, психологиялық және денсаулығын нығайту үшін жағдай туғызу.
13. Оқушылардың  білім  сапасын  мұғалімдердің  қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларын пайдалану нәтижесінде көтеру.
14. Педагогтың  білімін көтеру және оқуға деген тұрақты талпынысын дамыту.
15. Жоғары сатыдағы оқытудың тұжырымдамасына сәйкес білім мазмұнын жаңарту.
16. Жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауына психологиялық көмек  көрсету.
17. Келешекте кәсіби және шығармашылықпен жұмыс істейтін жоғары деңгейде  білім беретін мұғалімдерді  айқындау, олардың озат тәжірибесін насихаттау және тарату.
18. Өзінің кәсіби қызметімен жоғары деңгейде айналысатын, одан әрі жобалай білетін 
мұғалімдердің әлеуметтік-ақпараттық өзін-өзі дамыту құзыреттілігін қалыптастыру.
19. Мұғалiмдердiң әдістемелік қызметін зерттеу қызметіне айналдыра отырып, зияткерлiк және шығармашылық потенциалын үздiксiз дамыту үшiн жағдай жасау. 
20. Ата-аналармен ағарту жұмыстарын дамыту. Дамыту бағдарламасын іске асыруға ата-аналардың зияткерлік-шығармашылық потенциалын  арттыру.

Категория: Мектеп

 

Педагог ұйымдастырушы

Автор: admin от 19-11-2018, 06:31, посмотрело: 18

0
Байтөре Біржан Сәбитұлы 
Мектеп-гимназиясының   педагог –ұйымдастырушы

Туған жылы: 14.04.1996 жыл

Еңбек өтілі : 1жыл

Санаты : жоқ

Бітірген оқу орыны:   ТарГу     

 

Мамандығы:             


Категория: Әкімшілік

 

Аға тәлімгер

Автор: admin от 19-11-2018, 05:53, посмотрело: 14

0

 


 Абай Ерғанат

Мектеп-гимназиясының   Аға -  тәлімгері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

Туған жылы:     15.11.1992 жыл

Еңбек өтілі :      4 жыл

Санаты :           жоқ

Бітірген оқу орыны:          Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті.

Мамандығы :                    География пәнінің мұғалімі

 


Категория: Әкімшілік

 

Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарихы

Автор: admin от 19-11-2018, 05:34, посмотрело: 13

0

Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясының тарихы

 

       
 Ермұхан  Бекмаханов атындағы мектеп – гимназиясының тарихы.

     Аулдағы  халық санының көбеюі мен жергілікті тұрғындардың сұрауы бойынша 1912 жылы  мектеп пен шіркеудің ғимаратын соғу ұйымдастырылды. Мектептің құрылысына қоныс аударушылардың  бірі – Степан Богданов бастаған құрылыс бригадасы   жұмыс істеді. Мектептің құрылысы  4  жыл созылды. 
1916 жылы мектеп ғимараты М.Горький    атындағы мектеп болйп пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта сол ғимаратта Спорт мектебі орналасқан. 
Құрылыс кезінде сабақтар қазіргі баспа үйінде жүргізілген. Ол бастауыш мектеп болатын. Мектепті Филиппов Филипп Кузмич басқарды. 
Қайта соғылған мектепке  Богданов   Степан   Феодорович  мұғалім болды.
Елімізде мәдени   революцияның  жүргізілуіне байланысты және сол кездегі өмірдің талаптарына байланысты бастауыфш мектеп жеті жылдық мектеп болып өзгертілді.   
Жеті жылдық  М.Горький  атындағы мектептің алғашқы директоры Лобанов Василий алексеевич болды. 
1939 жылы екі қабатты мектептің негізі қаланды , бірақ Ұлы Отан соғысы басталып кетіп, құрылысы уақытша тоқтатылып қалды. 
1952 жылы мектеп жаңа ғимаратқа көшті . Мектепті  1917 жылы туылған , партия мүшесі  - Попова Вера Николаевна  басқарды.
Қазіргі уақытта дейін мектеп үлкен өмір жолынан өтті.
1940  жылы мектеп мектеп өзінің бірінші түлектерін шығарды. Олар 8 оқушы болатын: Гламзадин Сергей, Богданова Любовь, Жаравина  Елена, Калашников  Михайл, Девятова Валентина, Максимова Ольга, Удовиченко Алексей,шамшура Вера. Олардың көпшілігі орта және жоғары білім алып, арларынан дәрігер, мұғалімдер, ғалымдар,инжинер, ұшқыштар, агроном, ауыл шаруашылығының жұмысшылары болды.  
Түлектер арасында Ұлы Отан соғысына қатысқандар да болды. Мектеп бітірушілердің  арасында ерен еңбегі  мен ерлігі үшін үкіметтік марапаттарға да ие болғандар бар, олардың көпшілігі жастардың тәлімгерлері  мен мемлекеттік ұйымдардың депутаттары.  Мектеп оларды мақтан тұтады. Осының бәрі үлкен жемісті еңбектің, мұғалімдер мен басшылардың қамқорлығының нәтижесі. Оқу- тәрбие жұмысын жақсы жүргізгендері үшін осы мектептің мұғалімдері үкіметтің марапатына және «Халық ағарту ісінің үздігі»төсбелгісіне  ие болды. 
Мектепті басқарған басшылар: 
Балқожаева   Жанна   Тажахановна  - 1990-1993 жылдар аралығында;
Қалдыбаев Серік Нұрхатұлы – 1993-1996 жыл аралығында;
1993 жылы мектепке Сәкен Сейфуллиннің аты берілді.  
Баденов Балмұрат Затильда ұлы  - 1996-2005 жл аралығында 
2000 жылы мектепке гимназия статусы беріліп, Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы болып  аталып келеді. 
Усембаева Дамира Калиевна – 2005- 2014 жылдар аралығында;
Кулжанисов Айдарбек Жаркимбекұлы – 2014-2016 жылдар аралығында;
2016 жылдың сәуір айынан бастап Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясын Естаева Азиза Тоқсабайқызы басқарып келеді. 

Категория: Мектеп

 

Ермұхан Бекмаханов

Автор: admin от 19-11-2018, 05:26, посмотрело: 11

0
Білім беру ұйымы басшысының аты-жөні          Естаева Азиза Тоқсабайқызы
Білім мекемесінің атауы (жарғы бойынша)   Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің "Ермұхан Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясы" коммуналдық                                               мемлекеттік мекемесі
Индексі:                                                      081100
Мекен-жайы:                                               Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы, Б. Шолақ көшесі № 197а
Мекеменің пайдалануға берілген мерзімі:         1978 жыл
Типі:                                                          Типтік
Оқыту тілі:                                                  Қазақша, орысша
Сынып комплектісінің саны:                          53
Барлық кобинеттер саны:                              57
Спорт зал саны:                                           1
Компьютерлік сыныптар саны:                       3
Жаңа модификациялық кабинеттер саны:         8
Оқушылар контингенті:                                 1098
Мектеп бітіруші түлектер саны:                      62                       
 Лицензиясы:                                              № КZ 34LAA00007737  29.10.2016 жыл:           
Мекеме басшысының ұялы телефоны:            +77751458478
Жұмыс телефоны:                                        3-27-00
Электронды поштасы:                                   e.bekmahanova @ mail.ru
Мекеменің сайты (болған жағдайда):              Bekmahanov_shu.mektebi.kz

Категория: Мектеп

 

Е.Бекмахановтың өмір баяны

Автор: admin от 19-11-2018, 05:07, посмотрело: 17

0


         Ермұхан Бекмаханов 1915 жылдың 14 ақпанында Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінің жағасындағы Төре ауылында дүниеге келген. Әкесі Бекмахан кедейленіп, Мұса Шормановтың немере інісі Зында Шормановтың малын баққан. Бекмаханың Бәпіш деген әйелінен Дінше, Ермұхан және Қамияш деген үш баласы болады. Бекмахан мал бағып жүріп өкпесіне суық тигізіп алады да, Ермұхан алты жасқа толмай жатып қайтыс болады. Осылайша Ермұханның анасы Бәпіш үш баламен тұрмыстың ауыр тауқыметін тартуға мәжбүр болады. 1925-1931 жылдар аралығында Баянауылдағы мектепте оқиды. Жоғары оқуға түсу үшін Ермұқанның жеті жылдық мектебі жеткіліксіз еді. Алайда Ермұхан мектеп бітірген жылы туған ағасы Дінше қос өкпесіне суық тигізіп, қайтыс болады. Әкесі қайтыс болғалы тұрмыс жағдайы мәз емес Ермұханның отбасысының жағдайы ағасы Діншенің аудандық деңгейлегі орташа шенеунік болғалы біршама жақсарып қалған еді. Ағасының қайтыс болуы анасының Ермұханның оқуының жалғастыруына деген қарсылығын туғызды. Анасының қарсылығына қарамастан Ермұхан Семейдегі Жұмыс факультетіне түседі. Сол жылдары Қазақстанда күштеп ұжымдастыру салдарынан ашаршылық орын алып, Ермұханның анасы мен кішкентай қарындасы қайтыс болады. Бұл оқиға Ермұханның қатты қажытады. Бұған қоса, анасы мен қарындасының денесінің қай жерде екені, көмулі немесе көмусіз қалғаны белгісіз еді.

Семейде оқып жүрген кезде елдегі орын алған ашаршылық Баянауылды да айналып өтпегенін естіген Ермұхан және оның ауылдастары жақындарына көмектесудің амалын іздейді. Сөйтіп бала кезінен досы, өзінен сәл үлкендеу, сол кезде Семейдің медициналық училищесінде оқып жүрген Сәлкен Сұбханбердинге өз ойын айтады. Сәлкен болса Алаш қозғалысының белді мүшелерінің бірі Асылбек Сейітовтен кеңесіне жүгінуге ұсыныс айтады. Асылбек Сейітов ол кезде өңірлік денсаулық сақтау басқармасының бастығы болатын. Жас жігіттердің елге көмектескісі келетіндігі туралы ойын естіп, оларға елден бұрын әркім өзіңнің бас амандығын ойлау керектігін айтып, елге бармауға үгіттейді. Өмір көрген Асылбек Сейітов жас жігіттердің елге көмектесуге қауқарсыз екенін, егер елге баратын болса, аман қайтуы екіталай екендігін білгендіктен солай кеңес берген еді. Ермұхан және оның бір топ жерлестері туған-туыстарына қаншама көмектескісі келсе де, Асылбек ағаның айтқан сөздері шындық екенін түсініп, елге қайту идеясынан бас тартады. Кейінрек Асылбек Сейітов Ермұханды өз қамқорлығына алып, бар көмегін аямайды.

1933 жылы Семейдегі Жұмыс факультетін тәмамдаған Ермұхан ҚазПИ-дің физика-математика факультетіне түсу мақсатында Алматыға жол тартады. Алматыда ол ағасының досы Диқан Әбілевті кездестіреді. Диқан Әбілев Ермұханға Алматыға оқуға түсетін болсаң, осындағы шолақ белсенді жерлестерің сенің төре тұқымынан екеніңді жәрия етіп, қудалауға түсіруі мүмкін деп ескертеді. Диқан Әбілев Ермұханға Орталық Ресейдегі оқу орындарының біріне түсуге кеңес береді. Дихан Әбілевтің кеңесін алған Ермұхан Халықтық ағарту комиссариатына барады. Комиссариаттағы құжат қабылдаушы адам Ермұханның кешікенін алға тартып, Мәскеу және Ленинградтың оқу орындарына түсе алмайтынын айтады. Алайда Тамбов қаласындағы ашылған педагогикалық институтқа түсуге мүмкіндігі бар екенін айтып, шешімді бүгін шығару керексің, болмаса ол оқу орнына да түсе алмайсың деп ескертеді. Ермұхан сол жерде Тамбов педагогикалық институтында жаңадан ашылған тарих факультеніне түсуге құжаттарын тапсырады. Халықтық ағарту комиссариаты Ермұханның Тамбов қаласына жетуі үшін қаражат бөледі. Осылайша тарихшы болуды ойламаған Ермұхан өзінің ғылымдағы алғашқы қадамын бастайды. Тамбов қаласындағы оқу Ермұханның көңілінен шыға қоймайды. Сөйтіп, 1936 жылы Халықтық ағарту комиссариатының шешімімен Тамбов педагогикалық институтының тарих факультеті жабылып, ол факультеттің студенттері Воронеж педагогикалық институтына ауыстырылады. 1936 жылдың күзінде Ермұхан Воронежге келеді. Ал ол кезде сол Воронеж қаласында айдауда Алаш қозғалысының белді мүшелері Халел Досмұхамедов және Мұхаметжан Тынышбайұлы айдауда жүрген еді. Ермұхан жоғары білімді, озық ойлы Алаш зиялыларына кездесіп, ой бөлісуінің нәтижесінде тарихқа деген қызығушылығы арта түседі. Халел мен Мұхаммеджанның әсері Ермұханның келешекте кәсіби тарихшы атанып, үлкен ғалым болуына зор ықпал етеді.

1937 жылы Ресейдің Воронеж қаласындағы педагогикалық институтын бітіргеннен кейін Қазақ КСР халық ағарту комиссариатының жанындағы ғылыми зерттеу институтында еңбек еткен. Отан соғысы жылдарында Республиканың халық ағарту комиссариатының басқарма бастығы болған. Сонымен қатар Алматының жоғарғы оқу орындарында ұстаздық қызмет атқарған.

1946-1947 жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясында жаңадан құрылған Тарих, археология және этнография институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1947 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін, ягни 1966 жылғы мамырдың алтысына дейін Қазақ мемлекеттік университетінде өзі ұйымдастырған Қазақстан тарихы кафедрасын басқарды.

Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 1947 жылы Алматыда орыс тілінде жарық көрген "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты монографиясы болды. Осы тақырыпта 1946 жылы Мәскеуде тарих мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғаған.

Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың тарихын ақтау тұрғысынан көрсеткен еңбек деп бағалап, оны буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген саяси кінәға ұшыратты. Е.Бекмаханов еңбегіне байланысты пікірталастар 1947 жылдың екінші жартысында күшейе түсті. Ермахан Бекмаханов бірақ айтқанынан қайтпады. Халқы үшін жан аямай күрескен Кенесары Қасымовтың батыр екенін дәлелдеген, оның кітабын да, өзін де қызыл империя аямай жазалады. 1947- 1950 жылдарда Е.Бекмахановтың күйі өте ауыр болды, күн өткен сайын оған тиген моральдық соққының салмағы арта берді. Ермұхан Бекмахановты қаралау кампаниясы Тілеуқажы Жанайұлы Шойынбаев, Хадиша Гилимқызы Айдарова және А.Ф. Якунинің қол қойған КСРО-ның басты газеті - "Правда" газетіндегі 1951 мақаладан басталады. 1951 жылы университеттеғі жұмысынан қуылып, партия қатарынан шығарылды.

Ол біраз уақыт Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ берді, көп кешікпей Жамбыл облысыШу ауданындағы Новотроицк селосындағы мектепке мүғалім болып орналасты. Осы жерде 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқындалды. Екі айға жуық тергеу жүмыстары жүргізіліп, 1952 жылдың 3 қарашасында № 699 іс бойынша Е. Бекмахановты айыптау қортындысы дайын болды. Ермұханның жары Халима Бекмаханованың естелігінен:

«1952 жылдың 30 тамызында Ермұқанды Новотроицкіге шығарып салдым. Кеткісі келмей, бірдеңе сезгендей, мазасыз күй кешіп еді. Айтқандай-ақ, 5 қыркүйекте оны тұтқындап, Алматыға әкеліпті. Сол күні біздің үйде де тінту жүргізілді. Кешкі сағат 10-да жұмыстан келсем, үйдің есігі ашық тұр. Бір бейтаныс қазақ тінтуге құжат көрсетті. Ермұқанға бірдеңе болғанын сездім. Ас-су беруге рұқсатты табаннан тозып жүріп бір ай дегенде әрең алдым.

Тергеу үш айға созылды. «Тергеу әдістері жайында жиркенішсіз еске түсіре алмаймын, – деп жазды Ермұқан өзі Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке. – Тергеудің өн бойында қорқыту мен қоқан-лоққы қатар жүрді. Сол үшін барлық тәсілдерді пайдаланып тырысса да мен жекелеген адал адамдарды қаралай алмадым». Ерекең бұл арада Сәтбаев пен Әуезов жөнінде айтып тұр.

Сот 1952 жылдың 2 желтоқсанында болды. Жоғарғы Соттың ғимараты Гоголь мен 8-ші март көшелерінің бұры­шында болатын. Ермұқанды 4 солдат айдап алып келді. Ол маған жақындамақшы болған, мен де ұмтылдым, бірақ бізді айырып жіберді. Соттың үш күнінде көптеген куәлар келіп, кетіп жатты. 4 желтоқсанда үкімді жария еткен кезде менің қатысуыма рұқсат берді. Көз жасы еріксіз сорғалаған Ермұқан маған қарады да отырды. Үкімді естігенде жылап жіберді. Мұндай әділетсіз, қатал үкімге қалай жыламассың! Онда: «…айыпталушы Бекмаханов өзінің тарих ғылымы саласындағы ғылыми қызметкер жағдайын пайдаланып 1942-1951 жылдардың өне бойында өз жұмыстарында тарихи фактілерді өңін айналдырып бұрмалаған, сөйлеген сөздерінде буржуазиялық-ұлтшылдық идеологияны насихаттаған, феодалдық-байлық құрылыс пен оның орыс халқына қарсы күресуші һәм Қазақстанда орта ғасырлық тәртіптерді сақтап қалуға ұмтылушы кертартпа хандары мен сұлтандарын мадақтаған. Ол өзінің буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын негіздеу үшін кертартпа ақындардың, сондай-ақ Кеңес өкіметіне қарсы күрескен халық жаулары – алашордашылардың шығармаларын пайдаланды. Нақ осы ұлтшылдық идеологияны таныстарының арасында да жүргізді», – деп жазылып, сот тергеуі осыларды анықтағанын және айыпталушы Бекмахановтың мойнына қойылғанын айтады»

Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, ГУЛАГ-тың алыстағы лагерінің біріне айдалды.

Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик Шапық Шөкин былайша еске алған: "Ұлтымыздың аса көрнекті тарихшысы Ермахан Бекмаханов уақыт бедеріне бағынбаған, шыншыл ғалым болатын. Ол докторлығын екі рет қорғады. Еңбегінің нашарлығынан емес, тыйым салынған Кенесары тақырыбына жазылғандықтан. 1947 жылы Қазан төңкерісінің 30 жылдығына байланысты Одақтық Академия бойынша үлкен салтанатты кеңес өтуі керек болатын. КСРО ғылым академиясының басшысы Вавилов Сәтбаевқателефон соғып, Қазақстан тарапынан баяндама жасайтын адамды айтуды сұрайды. Қаныш Бекмахановты ұсынады. Жиналыста қағазсыз сөйлеген жас баяндамашыға ғалымдар таң-тамаша болады"

Сібірде айдауда өткізген жылдары Ермұханның денсаулығына өз әсерін тигізбей қоймады. Өкпесіне суық тигізіп алған Ермұханның денсаулығы жыл сайын нашарлай берді. 1966 жылы өзінің емдеуші дәрігерінің табанды кеңесімен Министрлер Кеңесінің ауруханасына жатады. Алайда Ермұхан өкпе ісігінің соңғы кезеңінде еді. Сонымен қоса, астма ауруы да асқынып кеткен болатын. Ол өзінің өлетінін білген және өмірінің соңғы күндері ғалымның жағдайын сұрауға келген жерлесі, медицина ғылымдарының докторы Хамза Жұматовқа былай деген: "Менің жағдайым мүшкіл, алайда абыроймен өлу керек". Дәрігерлер де Ермұханның жағдайының мүшкіл екенін түсініп, өмірінің соңғы күндері ең жақын адамдарынан басқа ешкімді палатаға кіргізбеген. Алайда дәрігерлер Ермұханның әйелі Халима Адамбекқызының өтінішімен мамыр айының алғашқы күндерінің бірінде Бауыржан Момышұлына палатаға кіруге рұқсат еткен. Жағдайын сұрап келген Бауыржан Момышұлына Ермұхан: "Бауке, ер адам үшін 50 жас деген түк емес қой. Армандарым мен жоспарларымда орындай алмай кетіп барамын. Кешіріңіз мені" депті. Кейінірек Бауыржан Момышұлы өз естелігінде: "Ол менен өзінің тарих бойынша жазып үлгермеген ғылыми еңбектері үшін шынайы кешірім сұрады" деп жазады. Сөйтіп 1966 жылдың 6 мамырында Ермұхан Бекмаханов дүниеден озады. Ғалыммен қоштасу рәсімі бір күннен кейін болады. Кандидаттың және докторлық диссертациясының тақырыбын Кенесарыға арнаған Ермұханның жаназасына ғалым, геология-минереология ғылымдарының докторы, Кенесарының ұрпағы Нәтай Әзімханұлы Кенесарин арнайы Ташкенттен келіп, қаралы жиында сөз сөйлеп, өзінің досын ақтық сапарға шығарып салады.

Ермахан Бекмаханов Алматы қаласының Мұхтар ӘуезовҚаныш СәтбаевАхмет Жұбанов жерленген Орталық зиратына жерленеді.

 

Категория: Мектеп