Республика күні! » Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Е. Бекмаханов атындағы мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72638) 3-27-00
Есепші бөлімі:
+7(72638) 3-27-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
25
октябрь
2023

Республика күні!

Е.Бекмаханов атындағы мектеп-гимназиясында 25 қазан Республика күні мерекесіне орай "Ұланымыз ұлы елдің" атты форум өткізілді. Форумның мақсаты: оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту. Патриоттық тәрбие — тәрбиенің басты бағыттарының бастауы. Форумда 5 сынып оқушыларын Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына салтанатты түрде қабылдау рәсімі болып өтті. Оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілері табысталды. «Жас Ұлан» ұйымы қатарына қабылданушы оқушылар ұйымның мақсат, міндет, ережелерімен толық танысып, «Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарынан талап етуге ант етті. Ұйымға қабылданған әрбір оқушы туған еліміздің биікке ұшар сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болатынына сеніміміз мол!